Ішкі істер министрлігі ауа райына байланысты тиісті хабарламаларға мән беріп, жолға шығарда қағидаттарды қатаң ескеруді сұрады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте ауа райы күрт өзгеріп кетуі мүмкін болғандықтан, полицейлер тұрғындарға "112" қызметінің SMS-хабарламаларын міндетті түрде бақылап отыруға, кәмелетке толмаған балаларды, науқас және қарт адамдарды қараусыз қалдырмауға, құбылмалы ауа райы кезінде елді мекендерден автокөлікпен және жаяу алыс жолға шықпауды ұсынады.
Өткен түнде Абай облысының Бородулиха, Жарма және Аягөз аудандарында нашар көріну және боран, көктайғақ жағдайлары тіркелді. Автожолдарда үлкен кептелістің пайда болуын болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары жол қызметтерімен бірлесіп колонналармен көлік қозғалысын ұйымдастырды. Боранға қарамастан, полицейлер жолды тексеріп, жолда қалған жүргізушілерге көмектеседі. Тек бір түнде 3 ауыр жүк жүргізушісіне көмек көрсетілді.