1-31 қазан аралығында дәстүрлі BOOKFEST 2025 кітап фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл іс-шара елдің мәдени өміріндегі ең маңызды оқиғалардың біріне айналып үлгерді.
Жыл сайын мыңдаған оқырманды біріктіретін BOOKFEST биыл да ауқымды бағдарлама ұсынып отыр:
Фестиваль аясында кітап сатып алу мүмкіндігі ғана емес, әртүрлі жастағы, түрлі қызығушылықтағы адамдарды біріктіретін үлкен әдеби алаң қалыптасады.
Meloman/MARWIN өкілі Диана Исабекованың айтуынша, BOOKFEST-тің басты мақсаты – оқырмандарды әлемдік әдеби жауһарлармен таныстыру, оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыру және отандық авторларды қолдау.
Біз кітаптардың адамдарға шабыт сыйлап, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуына және жаңа мүмкіндіктерге жол ашуына сенеміз, – деді ол.
Өтетін уақыты: 2025 жылғы 1-31 қазан
Өтетін орны: Meloman/MARWIN дүкендер желісінің барлық филиалдары
Анықтама: BOOKFEST фестивалі 2020 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді. Бүгінде ол Қазақстандағы ең ірі кітап индустриялық оқиғасына айналып, оқырмандарды, авторларды, баспагерлер мен кәсіпкерлерді біріктіріп, оқу мәдениетін дамытуға үлес қосып келеді.