«Бомжсың»: Атырауда блогерлерден ауыр сөз естіген күзетшінің қан қысымы көтеріліп, көз жұмды

29 Тамыз, 16:09 1484

Атыраудағы Мемлекеттік сараптама орталығының күзетшісі қан қысымы көтеріліп, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы адвокат Айнұр Балакешова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Мемлекеттік мекеменің 56 жастағы күзетшісі Хәкім Иманиязовқа блогерлер ауыр сөз айтқан. Осыдан кейін күзетшінің денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем шақырылған. Ал бірнеше аптадан кейін ол қайтыс болды.

Адвокат мәліметінше, блогер мемлекеттік мекемеге кірмек болған, бірақ күзетші турникеттен өтуге рұқсат бермеген. Олар ғимаратта өрт қауіпсіздігі саласындағы бірқатар заңбұзушылықты көргенін айтып, мекеменің сыртында еліміздің туы ілінбегенін алға тартқан.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: