«Бөлінген 1 трлн теңге қайда кетті?». Депутат ақшаны қалтаға басқан жемқорды анықтауды сұрады

9 Қазан 2023, 13:45 1988

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек міндетті әлеуметтік сақтандыру қорында жүйелі түрде жемқорлықпен күрес мәселесін қоймаса, барлық мемлекеттің саясаты құрдымға кететінін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.   

Астана қаласының прокуратурасы 2023 жылы қорға тексеріс жасады. Тексерістің нәтижесінде 2 500 адамды, яғни «мертвые души» дейді соларды қоя берген. Олар – өлген адамдар. Іс жүзінде олар ауырмаған, кейбірі тіпті қайтыс болып кеткен. Кейбірі Астана қаласында тұрмайды. Алайда олар медициналық қызмет алып жүрген, - деді депутат.

Депутат салдарынан бюджетке жүздеген миллион шығын келгенін айтты.

Қылмыстық іс қозғайды дегенде министр оны тек тәртіптік жауапкершілікке тартатынын айтты. Сіздердің қылмыстық іс қозғайды дегендеріңіз қайда? Статистикаға келетін болсақ, Солтүстік Қазақстан облысында бюджетке 847 млн теңгеге зардап келтірді. Ал жалпы 2019 жылы 291 млн теңге, 2020 жылы 240 млн теңге, 2022 жылы 403 млн теңгеге «мертвые души», «двойная оплата», «накрудка» арқылы бюджетке үлкен шығын келтіріліп жатыр. Сіздерден қылмыстық істі қашан күтеміз? Толығымен бюджеттің ақшасын сыпырып алғаннан кейін қылмыстық іс қозғайсыздар ма? қашан? Бұл жерде не министрдің, не қордың қатысы бар. Құр сөздің қажеті жоқ, - деді Базарбек.

Мәжілісменнің сөзінше, 2023 жылы денсаулық сақтау саласына 2,5 трлн теңге бөлінген. Бұл туралы министрдің өзі есеп берді.

Бірақ, 1 трлн теңгенің қайда кеткені жөнінде осы уақытқа дейін министр есеп берген жоқ. Оның қайда кеткенін біз әлі де біле алмай жүрміз. Сондықтан біріншіден, біз жемқорлардан бастауымыз керек, - деді депутат.

Миражан Махан
Бөлісу: