Атырау қаласында «Атырау жастарының алтын кітабына» енген өңірдің белсенді жастарын марапаттау рәсімі өтті.
«Атырау жастарының алтын кітабына» өңірдің дамуына, жастар саясатын жүзеге асыруға өзіндік үлес қосқан бір топ азамат – ұзын саны 12 көшбасшы енді. Олардың қатарында Арман Азаматов, Бақытгүл Бабаш, Ринат Гилажев, Ербол Рыспаев, Асхат Калауов, Әмина Жәрдемқызы, Ернар Сакупов, Надежда Шильман, Даурен Сейткалиев, Ержан Салимгереев, Ұлықбек Тналиев, Бибігүл Шайхиева сынды атыраулықтар бар.
Сондай-ақ Алтын кітапқа «Возрождение» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кустадинчев те енді. Юрий – Атырау облыстық мәслихатының депутаты, жастар қанатының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясының тұрақты қатысушысы. «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» (2014 жыл) және «Бірлік» қоғамдық келісім» (2016 жыл) медальдарымен марапатталған.