Болат Назарбаевтың өкілі «Алтын орда» базарына қатысы жоғын мәлімдеді

4 Қараша 2023, 11:22 1410

Таяуда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Болат Назарбаевтың Алматы облысындағы "Алтын орда" нарығындағы бұзушылықтар туралы істі тергеудегі мәртебесі туралы сұраққа жауап берген болатын. Кейін осыған қатысты Болат Назарбаевтың өкілі аталған сауда орнына еш қатысы жоғын атады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі uakytnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Министр құжаттар бойынша базар иесіне қатысты пікір білдірді.

Біз көрген құжаттарға қарағанда ол меншік иесі емес. Сондықтан мен жеке басы туралы бөлек айта отырып, базарды жекелендіре алмаймын. Аталған сауда орнын Болат Назарбаевтың мүлкі деп айта алмаймын. Бізде меншік иелері болып табылатын тұлғалар бар. Олар жол картасына қол қойып, міндеттеме алды, енді сұраныс олардан болады. Яғни, бұл тізілімде тіркелген және ресми меншік иелері, - деген болатын Арман Шаққалиев.

Сонымен қатар, министр егер Болат Назарбаев нарық иесі ретінде заңды түрде ресімделіп, үлесі болса, қызметкерлерді жалдаса және келісімшарттарға қол қойса, онда "заң алдында бәрі тең" болғандықтан, ол бұл іс бойынша жауапты болуы мүмкін екенін де алға тартты.

Бұл мәлімдемеге Болат Назарбаевтың өкілі Қ.Жүсіпов жауап берді.

Қазір Болат Назарбаевтың "Алтын орда" нарығына ешқандай қатысы жоқ екенін растағым келеді. Болат Әбішұлы 2015 жылдан бастап бизнес жобаларға қатыспайтынын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап, қайырымдылық жобаларымен айналысады. "Салиқалы ұрпақ"арнайы қоры жұмыс істейді. Бүгінде бұл Қор елдегі төтенше жағдайлардан зардап шеккендерге көмек көрсетеді, қайырымдылық шараларына белсенді қатысады және аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге және басқа да мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеді", - деп атап өтті ол.

Асқар Таудай
Бөлісу: