Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

14 Қараша 2023, 11:29 8067

Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жаназасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлеу рәсіміне марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Анипа Назарбаева, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, Антикордың бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты.

Қоштасу рәсіміне премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысты, осыған байланысты Үкіметтің дәстүрлі отырысы ертеңге ауыстырылды.

Рәсімде Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, інісі Болат Назарбаевтың жасаған жақсылықтары туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сөз сөйлеген.

Жаназаға 300-дей адам жиналған. Рәсімге келгендерді полиция қызметкерлері қатаң тексеріктен өткізіп жіберіп жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, 13 қарашада Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

71-ге қараған шағында созылмалы аурудың салдарынан тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды Айдос Үкібай.

Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Назарбаевтың қайтыс болуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа көңіл айтты.  Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: