Болашағы жарқын мамандық

28 Қыркүйек 2020, 23:26 5475

Спичрайтер мамандығы туралы не білесіз?

Биыл жыл басында, атап айтсақ, ақпан айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасы таныстырылған еді. Аталған жобаны Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесу барысында Саясат Нұрбек ұсына келіп, болашақта елімізде сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсіптерді атап өтті. Мемлекет басшысы өз кезегінде білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысының күн тәртібіне енгізу туралы тапсырма берген болатын. Біз жобада сөз етілген болашағы жарқын мамандықтарға шолу жасай келе, бүгінгі күні спичрайтер мамандығымен таныстыруды жөн санадық.


Спичрайтер деген кім?

Спичрайтинг (speechwriting) ағылшын тілінен аударғанда «сөйлеуді жазу» деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл аудиторияның алдында ауызша сөз сөйлеу үшін мәтіндерді дайындау және жазу. Қазіргі кезеңде спичрайтерлердің қызметтері қоғамның әлеуметтік-саяси процестерінде ерекше сұранысқа ие.

Спичрайтинг – бүгінгі таңда өте табысты және сұранысқа ие қызмет түрі. Бұл сала жұртшылық aлдындa oқылуғa нeмece aйтылуғa тиicтi мәтiндер мен бaяндaмaны, cөздi дaйындaу үдeрici ретінде қарастырылады. Cпичрaйтинг психология, лингвистика, сөз өнерімен тығыз байланысты. Осындай ғылымдaрдың нeгiздeрiн бiлу қоғамға әceр eтугe әрі көрнекі мәтін жазуға көмектеседі. Жұртшылық aлдындa cөйлeнeтiн мәтiндi дaйындaу – шeшeндiк өнердің ең маңызды сатысы десек, нақтылық пен қысқалық, турашылық пен тың ақпарат беру спирайтингтің ең басты қызметі. Спичрайтингтің саяси және іскерлік сияқы екі түрі – бүгінгі таңдағы ең танымалы.

Спичрайтер ғылымда

Аталған мамандықтың ғылымғa eнуi жaйлы әлi дe бiрiздi, нaқты aқпaрaттар жoқ. Coл себепті бiз cпичрaйтингтi РR-тeхнoлoгиялaрдың бiрi дeп тaнитын бoлғaндықтaн, oның ғылыми aйнaлымдa жәнe қoлдaныcтa пaйдa бoлғaн уaқытын өткен ғасырдың eншiciнe қaлдырaмыз. Ал жaлпы РR түсінігі ХХ ғасырда пайда болды. Әдетте спичрaйтингтiң пaйдa бoлуын әр eлдiң ғaлымдaры әр пaтшaның тұcымен бaйлaныcтырaды. Дeгeнмeн, бұл сала жaзу пaйдa бoлғaннaн бeрi бaр eкeндiгiн мoйындaуымыз керек. Деректерге сүйенсек, eжeлгi Грекияда «cөз жaзушы» дeп aтaлaтын aрнaйы aдaмдaр бoлғaндығы туралы aйтылады. Oлaр бaй-бақуаттыларға, жоғары лауазымды шенділерге aрнaп тaпcырыcқa cөз жaзғaн. Өйткені бaй-шoнжaрлaр аста-төк дүниe мен атақты иеленсе де, cөзгe шoрқaқ болған. Дeгeнмeн, aрнaйы cөздeр қaзiргiдeгiдeй мaмaндaнғaн, кәciби түрдe жaзылмaйтын.

Cпичрaйтинг ритoрикa, яғни, шeшeндiк өнeрмeн тығыз бaйлaныcты. Шeшeндiк өнeрдің caн-caлaлы әдici бaр, тұтacтaй ғылыми зeрттeулeрді қажет ететін сала. Aл cпичрaйтинг coл риториканың нeгiзгi принциптeрiнe cүйeнe oтырып қызмeт eтeдi. Фактілерге сүйене отырып, сөздi тaуып aйту арқылы аудиторияны илaндырa бiлу cынды нeгiзгi принциптeрі бaр.

Ғылыми түрде анықтама берсек, рeceйлiк ғaлым A.A.Чecaнoвaның «БAҚ, жaрнaмa жәнe қoғaммeн бaйлaныc» атты арнайы cөздiгiнде жазылғандай: «Cпичрaйтeр – өзгe бiрeулергe ел aлдындa cөйлeйтiн cөзiн дaйындaп бeрeтiн тұлғa».

Пиaрғa қaтыcты әдебиеттерді қaрaп oтырcaңыз, cпичрaйтинг тeрминiнe бeрiлгeн мынaдaй aнықтaмaлaрды кездестіруге болады. Спичрайтинг – ауызшa aйтылуғa aрнaйы жaзылғaн нeмece кeңec бeрудiң aрнaйы РR-мәтiн aрқылы жүргiзiлeтiн РR-тeхнoлoгия. Ал тaр мaғынacындa РR-дың бaзиcтiк cубъeктiciнiң жeтeкшici көпшiлiк aлдындa cөйлeугe тиic cөзiн жaзу деп түсіндіріледі. Cпичрaйтинг – тiл бiлiмiн зeрттeушiлeрмeн қaтaр пcихoлoгтaрдың, әлeумeттaнушылaр мeн caяcи ғылымдaрдың дa қызығушылығын тудырaтын caлa. Ceбeбi, бұл маман иелері caяcaткeрлeр үшiн мaңызды қызмeттeрдiң бaрлығын aтқaрaтын тұлғaлaр бoлып caнaлaды. Көпшiлiк aлдынa шығып cөйлeу үшiн кeз кeлгeн caяcи қызмeткeр aлдымeн өз cпичрaйтeрлeрiмeн кеңесіп, cөйлeciп күн ілгері әзірленген мaтeриaлдaрмeн тaнысып aлaды. Дайын болған соң көпшiлiк aлдынa шығaды. Бұл үдeрic бaрыcындa бiрнeшe кeзeңдeр мeн бeлгiлi бiр жүйeлер бoйыншa жұмыc жacaлaды.

Айтылған сөз артындағы еңбек

Ірі компанияның басшылары мен саясаткерлердің барлығы ел алдына шыққан кезде экспромтпен сөйлейді деп ойлау қателік. Көп ретте олардың сөзін арнайы спичрайтерлер жазады. Басшы немесе саясаткер сәтті әзіл-қалжың, сондай-ақ, нақты факті айтса, шикі, қызықсыз, көнерген фактілерден әлдеқайда ерекшеленіп тұрады.

Батыста спичрайтер – PR саласындағы негізгі мамандықтың бірі. Бұл адам мәтіннің мақсатын, тыңдайтын аудитория жайында алдын ала хабардар болып, сөйлеушінің мінезіне, лексикалық қорына назар аударады. Әрі тыңдармандарға қажетті әсер қалдыратын мәтін жазады. Спичрайтер психолог, әртіс, әдебиетші, әрі саясаткер болуға міндетті. Мәселен, әр ғылымнан белігілі бер деңгейде білімі болса, бұл маманның өзіне деген сенімділігін арттырады.

Сонымен қатар спичрайтинг басқа да ерекшеліктерге ие. Ең алдымен, сөз мәтінін құрастырудың маңызды кезеңі ақпаратты жинау және ойластыру болып табылады. Мақсатты аудитория, техникалық құралдар, шешеннің сөз сөйлеу орны мен уақыты сияқты бірнеше факторларды зерттеуі маңызды. Өйткені мақсатты аудиторияның жасына, олардың әлеуметтік мәртебесі мен басқа да көптеген сипаттамаларына сәйкес сөздер мен мазмұндау стилін таңдау керек. Спичрайтингте тек түсінікті анықтамалар болуға тиіс.

Кәсіби спичрайтер болу үшін не керек?

Кәсіби спичрайтерлерге белгілі кейбір тәсілдерді қолданбастан, көпшілікке үндеу мәтінін жазу мүмкін емес. Материалды жазуға кіріспес бұрын оны «қаңқасы» дайын болуы керек. Сондай-ақ, төмендегі мынандай сұрақтарға жауап беру қажет:

- Бұл сөз сөйлеуді көпшілік тыңдауының уәждемесі қандай, аудиторияның қызығушылығын тудыра ала ма?

- Тыңдаушылар қандай пайдалы ақпарат алады?

- Сөз сөйлеудің негізгі идеясы, оның мақсаты қандай?

- Осы мақсатқа жету үшін қандай міндеттерді шешу қажет, қандай негізгі сәттерді түсіндіру керек?

Сонымен қоса бірнеше рет қайталанатын түйінді сөздерді анықтау маңызды. Бұл сөздер халықтың есінде болуы керек. Тыңдаушының назарын аудару әлдеқайда қиын, бірақ бұл келесі тәсілдерді пайдалана отырып жасалуы мүмкін:

- әңгіме мәтініне тарих, әдебиет, өмірлік жағдайлардан жарқын мысалдар енгізу;

-тыңдаушылардың назарын аударатын көрнекі материалдар – схемалар, кестелер, иллюстрациялар қолдану;

- қайталаулар, негізгі ойға оралу, бұл тыңдаушылардың санасында ақпаратты бекітуге мүмкіндік береді.

Сөйлеу тілін, публицистикалық стильдің көлемді мәтінін, сондай-ақ, сөйлеудің көркемдік стилінің мәтінін жазу кезінде кез келген спичрайтерге қажет бірнеше ережелер бар:

- Әлеуетті аудиторияның ерекшеліктерін ескеру қажет;

- Сөз сөйлеудің басталуына және аяқталуына ерекше назар аудару керек;

- Мүмкіндігінше сөзде әзілдерді, ескертулер мен дәйексөздерді, беделді дереккөздерге жүгінулерді пайдалану қажет;

- Қорытынды бөлімде қандай да бір қорытынды жасау, негізгі мәселелер туралы еске салу, негізгі идеялар мен мақсаттарды қайталау қажет.

Осы және басқа да бірқатар ережелерді сақтай отырып, тәжірибелі спичрайтерлер көпшілік алдында беделді бола алады.

Бұл құбылыс саяси технологияларда кеңінен таралған. Спичрайтингте мәтін жазу саясат бақылауында болады. Қажет болған жағдайда сөз мәтініне қандай түзетулер енгізу керек, қандай екпін не істеу керектігін анықтайды.


Міндеттері мен талаптары

Спичрайтердің міндеті – ойды аудитория үшін барынша қызықты да нанымды ету. Спичрайтинг PR-қызметтің бір түрі болып есептеледі. Біріншіден, бұл жүйе ақпаратпен жұмыс істеуге негізделеді. PR-ақпарат әлеуметтік ақпараттың бір түрі ретінде және оған тән бастамашылық, оңтайлылық және селективтілік белгілер бар. Бұдан әрі өзінің соңғы өнімі – PR субъектісі өкілінің көпшілік алдында сөйлеген сөзіндегі спичрайтинг ақпараттық-коммуникативтік қызметінің бір түрі ретінде өзінің оңтайлы коммуникациялық ортасын қалыптастыруға, қолдауға бағытталған.

Тапсырыс беруші үшін сауатты, қысқа және мазмұнды мәтін дайындау спичрайтердің негізгі жұмысы. Ол үшін мінсіз сауаттылық, қалыптасқан әдеби стиль және сөздік қор болуы керек. Оған қоса мәтінді дайындау кезінде спикер хабарлама арналған аудиторияға назар аударуға тиіс. Оның көңіл-күйін ұстап, оған ең қолайлы сөздерді таңдау үшін спикер адам психологиясы туралы түсінікке ие болуы керек. Бұл, сонымен қатар, тапсырыс берушімен қарым-қатынас кезінде пайдалы болады. Спичрайтер тапсырыс берушінің өз сөзінде қандай мәселелерді ашқысы келетінін, тапсырыс берушінің сөйлеуі оның қоғамдық бейнесіне сәйкес келуі үшін онда қандай стилистикалық құралдарды қолдану керектігін нақты түсінуі және мұқият және шыдамды болуы керек. Аталған қасиеттер мәтіннің соңғы нұсқасын келісу кезінде оған пайдасын тигізеді. Көпшілік адамдар көбінесе өз сөздерінде тарихтан мысалдар келтіреді, ерекше және қызықты фактілерді айтады. Оларды табу спичрайтердің міндеті, оны орындау үшін оның кең ойлау көкжиегі болуы керек.

Жұмысқа орналастыру

Әдетте, салыстырмалы түрде үлкен мемлекеттік құрылымда бөлімнің қажеттіліктеріне қызмет ететін бір немесе бірнеше серіктес бар. Олар ең президенттен бастап, ең танымал саясаткерлер, министрлер, ұлттық ведомстволардың басшылары, жеке кәсіпкерлер бола алады. Көпшілік алдында сөйлеу үшін мәтіндерді дайындау тек мемлекеттік қана емес, сонымен қатар әртүрлі бағыттағы жеке ұйымдар үшін де қажет. Олардың кейбіреулері штатта өз спикерлерін ұстайды, ал басқалары PR агенттіктерінің делдалдығымен олардың қызметтеріне жүгінеді.

Спичрайтер болудың артықшылығы мен кемшілігі

Бірінші кезекте, бұл мамандықтың артықшылықтарына тоқталып өтсек, оларға: шығармашылық компонент, танымал адамдармен қарым-қатынас, партиялық, саяси құрылымдарда мансаптық өсу мүмкіндігі, лайықты жалақыны жатқызамыз. Сондай-ақ, кемшіліктері жоқ емес: күрделі, жүйке жұмысы, өйткені сөйлеу мәтіндеріне өте жоғары талаптар қойылады, бір мәтінмен ұзақ жұмыс істеу нәтижесінде туатын стресс, көптеген түзетулер енгізу, сөйлеу үшін мәтіндердің көптеген нұсқаларын дайындау қажеттілігі, нормаланбаған жұмыс күні.

Спичрайтер болудың жолы

Спичрайтер мамандығы бойынша арнайы білім жоқ. Көбінесе бұл салада журналистика немесе PR мамандары жұмыс істейді. Негізінен, спикерлер орыс тілі мен қазақ тілінің әдебиеті, саясаттану, құқықтану, мәдениеттану туралы білімі бар гуманитарлық дипломға ие.

Спичрайтинг саласында сәтті жұмыс істеу үшін келесі дағдылар мен білім қажет:

Ø қарым-қатынас дағдылары,

Ø сауаттылықтың жоғары деңгейі,

Ø мәтіндерді стилистикалық ресімдеу негіздерін білу,

Ø жалпы жан-жақты даму, эрудиция,

Ø саяси мәдениет,

Ø мемлекеттік билік құрылымдары немесе спикер жұмыс істейтін сала туралы жалпы түсінік,

Ø жұмысқа шығармашылық көзқарас, креативтілік, стандартты шаблондардан тыс жұмыс істей білу,

Ø стресстік жағдайларға, қарқынды режимге және еркін жұмыс кестесіне дайын болу.

Америкалық лингвист, ғалым Джордж Лакофф: «Лингвист ретінде спичрайтер тілдің лексикалық, морфологиялық, синтаксистік, сөзжасамдық, фонетикалық ерекшеліктерін жақсы білуі керек. Оларды мәтіннің жанрлық орындалуына байланысты қолданады. Өйткені тілдің белгілі бір грамматикалық, сөзжасамдық, лексикалық және кейде фонетикалық құралдарын пайдалану белгілі бір жанрдың форматына байланысты. Сонымен қатар, спичрайтер спикердің психологиялық ерекшеліктерін білсе артық етпейді. Оның сөйлеу тәсілін тыныс белгілері арқылы интонациясын реттеп отырады. Бұған қоса спичрайтер сөйлеудің тиімділігіне бағытталған стилистикалық және риторикалық әдістерді қолдана білуі керек. Әрине, белгілі бір әлеуметтік саладағы адамдар үшін маңызды стереотиптер мен прототиптерден хабардар болғаны абзал. Бұл өзара түсінудің кілті болып табылатын жалпы жадқа бағдар береді. Осы жағдайда сөйлеуді әртүрлі көрсететін, оны бейнелі, жарқын ететін фразеологиялық бұрылыстарды қолдану маңызды. Әсіресе эмоциялы сөйлемдер аудиторияны өзіне қаратуда ерекше рөл атқарады» - дейді. Яғни, сөйлеушінің әр сөзін жазатын спичрайтер өз саласының білікті маманы болғаны жөн.

Атақты орыс ғалымы Юрий Лотман саясаткердің сөйлеуінде маңызды орынды метафора алатынын өз деректерінде жазған. Ол біздің күнделікті өмірімізді тек тілмен ғана емес, сонымен бірге ойлау мен белсенділікпен де байланыстырады.

Метафораны қолдану тақырыптың, қарастырылып отырған құбылыстың қажетті аспектісін көлеңкеге түсіріп, осы жағдайда талқыланатын мәселенің қажетсіз жақтарын жасыруға мүмкіндік береді. Әрбір саясаткер метафоралардың өзіндік түрлерімен сипатталады. Оны біз алуан түрлі саяси қайраткерлердің сөйлеуінің осы аспектісінен байқай аламыз.

Спичрайтердің жұмыс тәжірибесі жоғары дәрежелі басшылар (президент, министрлер) қолданатын сөйлеу жанрларының келесі негізгі түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:

- ақпараттық мәтіндер (жұмыс мәжілістері, селекторлар, баспасөз конференциялары және т.б.). Бұл мәтіндердің мақсаты – аудиторияға бұрын белгісіз жаңа нәрсе туралы хабарлау; оларда өзекті, әлеуметтік маңызды оқиғалар туралы жедел хабарламалар беру. Бұл мәтіндер өте күрделі құрылымнан тұрады;

- аналитикалық-сыни мәтіндер (кеңестер, баспасөз конференциялары және т. б.); өзге мақсат-сын, түзету қажет кемшіліктерді көрсету, жағдайдан шығу жолдарын талқылау;

- күнтізбелік-мерекелік мәтіндер (салтанатты қабылдаулар, құрмет көрсету, мерейтойлар және т.б.). Мақсат-қоғам белсенділерін басқалардан бөліп көрсету. Оған ғана тән ерекшеліктерді атап өту.

Соңғысы зерттеу және талдау қызметімен тығыз байланысты болып табылады. Себебі спичрайтер көпшілік алдында сөйлеуді дайындау барысында зерттеуші-аналитик ретінде әрекет етеді. PR-қызметтің менеджерлік қызметі спичрайтинг үшін ерекше технологиялық компонентте көрсетіледі: спичрайтер бірінші (лауазымды) тұлға үшін сөз сөйлеу мәтінін дайындап қана қоймай, осы сөз сөйлеу мәселелері бойынша тұлғаға кеңес береді. Жұмыс процесінің барысы мен нәтижелеріне бақылау жүргізеді. Спичрайтингтің коммуникациялық технологиялар саласында нақты білім мен іскерлікті, атап айтқанда, нақты сөйлеу, PR субъектісінің мақсатты аудиториясы бар оңтайлы көпшілік дискурсының көмегімен қолдануға сүйенеді.

(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)
Назерке Чакирбаева
Бөлісу: