«Болашақ энергиясы» облыстық патриоттар форумы

22 Маусым 2018, 03:22 1585

Бүгін Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын ілгерілету мақсатында, Астананың 20 жылдығына орай Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Достық үйі» – Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен Достық үйінің алаңында «Болашақ энергиясы облыстық патриоттар форумы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - қазіргі заманғы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.

Форумға облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, Достық үйінің қызметкерлері,  әскерилер, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, Аналар, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағалары, ақсақалдар кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының облыстық штабы, студенттер және жастар қатысты.

Форумда «Достық үйі» – Қоғамдық келісім орталығының директоры Т.Қасымберкебаев, Республикалық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы аймақтық штабының жетекшісі Р.Усанова, 18-35 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастардың өмір сапасын арттыру, жұмысқа орналастыру мақсатында «Мың жүрек» жобасының авторы «Ізгілікті істер» қоғамдық қоры төрағасының орынбасары А.Шпекбаев, Алматы облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары Л.Котельникова сөз сөйледі.

Іс-шара аясында этносаралық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып жүрген белсенділерді марапаттау рәсімі өтті.

Бөлісу: