Бокстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатына дайындалуда

17 Шілде, 04:21 674

2008-2009 жылы туған жасөспірімдерден жасөспірімдер құралған бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

13 салмақ дәрежесі бойынша еліміздің үздіктері Азия біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

Команда мүшелері 22 шілде - 2 тамыз ааралығында Ыстықкөлде физикалық тұрғыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. 

12 тамыз - 26 тамыз аралығында Алматы облысында Азия біріншілігі алдындағы соңғы оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылмақ.

27 тамыз - 10 қыркүйек Абу-Дабиде Азия біріншілігі өтеді. 

Зарина Арман
Бөлісу: