09.11.2022
18:39
1847
Бокстан тағы бір қазақстандық қыз жүлделі болды

Бокстан тағы бір қазақстандық қыз жүлделі болды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Мәдина Нұршаева қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz

Азия чемпионы Мәдина Нұршаева 66 келіге дейінгі салмақта оңтүстіккореялық Чой Хон Гюнмен шеберлік байқасты.

Айта кетейік, Назым Қызайбай да 50 келіге дейінгі салмақта Жапония елінің өкілі, 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері Намики Цукимимен жұдырықтасып, қола жүлдеге қол жеткізді.