Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны ауысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2022 жылғы Азия чемпионы әрі жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы (2018) Айбек Оралбай Қазақстан құрамасының капитаны атанды.
Бұған дейін бұл қызметті 2023 жылғы әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов атқарған болатын.
Айта кетелік, Айбек Оралбай Париж Олимпиадасында өнер көрсетті. Ол 92 келі салмақта сынға түсіп, ширек финалда әзербайжандық Лорено Альфонсо Домингеске жол берген болатын.
Кейін белгілі болғандай, Париж Олимпиадасынан соң Айбек +92 келі салмаққа ауысты. Алдағы Азия чемпионатына боксшы аса ауыр салмақта қатысуы мүмкін.