Түркістанда бокстан Мұхтархан Ділдәбековтің жүлдесіне арналған XIII халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дүбірді додаға Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық аймағынан 140-тан аса спортшы қатысты. Барлық 10 салмақ дәрежесінде Қазақстан боксшылар жеңімпаз атанды.
Үздік бес команда:
Алматы қаласы - 3 алтын, 1 күміс, 2 қола;
Қарағанды облысы - 3 алтын, 2 қола;
Түркістан облысы - 1 алтын, 3 күміс, 2 қола;
Астана қаласы - 1 алтын, 1 күміс, 1 қола;
Жамбыл облысы - 1 алтын, 1 күміс, 1 қола.