09.11.2022
17:04
1959
Бокстан Азия чемпионатында Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды

Бокстан Азия чемпионатында Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан болып жатқан Азия чемпионатында Назым Қызайбай қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды El.kz

Ол 50 келіге дейінгі салмақта Жапония елінің өкілі, 2020 жылғы Токио олимпиадасының қола жүлдегері Намики Цукимимен жұдырықтасты.

Бұған дейін Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары белгілі болған еді.