Әлем чемпионы Тайсон Фьюридің әкесі Джон Фьюри ұлының тарапына айтылған сынға ашуланып, тікелей эфирде дау шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келеңсіз жайт кәсіпқой боксшы Томми Фьюридің жекпе-жекке дайындығы аясында өткен ашық жаттығуы аясында болды.
Ресми іс-шара кезінде KSI лақап атымен танымал YouTube-блогер Оладжиде Олайинки Уильямс Олатунжи Томмиге тілшілер қойған сауалдарға жауап беруге кедергі келтіре берді, блогердің бұл әрекеті былғары қолғап шеберінің әкесінің ашуын тудырғаны анық. Видеодан Джонның KSI-ге қарай пластик бөтелке лақтырғанын, сонан соң екеуі сөзге келіп қалғанын көруге болады.
What goes up must come down as John Fury throws his bottle and KSI spits back 😲
— DAZN Boxing (@DAZNBoxing) October 11, 2023
⁰#XSeries10 | #KSIFury | #PaulDanis | October 14, buy the PPV now at https://t.co/FoiaUucafv pic.twitter.com/j27k5CXjx0