30.12.2023
13:08
1467
Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай әскерге аттанды

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай ҚР Қарулы Күштері қатарына қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына әскери бөлімде ант қабылдап жатқан суретін жариялап, «Отанды сүю – иманнан» деген жазба қалдырды.

Еске салайық, осы жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшы 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, 20 жастағы спортшы Иордания астанасы Амманда өткен 2022 жылғы Азия чемпионатында топ жарды.