09.12.2023
16:09
1278
Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры анықталды

Бокстан әлем чемпионатының жүлде қоры анықталды

Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев IBU конгресінде 2024 жылы бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлде қорының сомасын атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлде қоры келесі жылы 10 млн долларды құрайды, — деді Кремлев IBA конгресінде.


IBA

Кремлев бұған дейін ерлер арасындағы әлем чемпионатының жүлде қоры 5 миллион долларды құрағанын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы ХОК IBA-ді басқарушылық, қаржылық, төрешілік және этикалық мәселелерге байланысты Олимпиада ойындарында бокс турнирлерін ұйымдастырудан шеттеткен болатын.