Бокстан әйелдер арасында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, әлем біріншілігі 14-26 наурыз күндері Үндістан елінің астанасы Нью-Дели қаласында өтеді.
Қазақстан құрамасы әлемдік додаға толық құрамда қатысып, 12 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.
Ел намысын мына спортшылар қорғайды.
48 келі – Алуа Балқыбекова,
50 келі – Назым Қызайбай,
52 келі – Жазира Орақбаева,
54 келі – Жайна Шекербекова,
57 келі – Карина Ибрагимова,
60 келі – Римма Волосенко,
63 келі – Аида Әбікеева,
66 келі – Надежда Рябец,
70 келі – Мәдина Нұршаева,
75 келі – Валентина Хальзова,
81 келі – Фариза Шолтай,
+ 81 келі – Ләззат Күнгейбаева.
Қазақстан әйелдер құрамы сапында әлем және Азия чемпиондары мен жүлдегерлері, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.