7 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында рингке соңғы болып көтерілген Абылайхан Жүсіпов жарысты сенімді жеңіспен бастады.
71 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін тәжірибелі боксшы армян Арарат Арутюнянды айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасының жүлде жолындағы жеңісті сериясы жалғасты.
Ертең, 8 желтоқсанда, құрама сапынан 37 жастағы тәжірибелі боксшы Теміртас Жүсіпов пен аса ауыр салмақтағы Нұрлан Сапарбай шаршы алаңда алғашқы айқастарын өткізеді.
Айта кетейік, 4 желтоқсанда басталған әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін созылады.