Бүгін, 5 желтоқсан күні, бокстан Дубайдағы әлем чемпионатының екінші күні.
IBA ұйымдастыруымен өтіп жатқан аламанда шаршы алаңға үш бірдей боксшымыз шығады.
Алдымен 67 келі салмақта Санатәлі Төлтаев замбиялық Жералд Кабиндамен жұдырықтасса, 80 келінің өкілі Ерасыл Жақпеков Буркина-Фасо боксшысы Зуграна Эбенезердің әуселесін байқап көреді.
Ал 86 келіде бокстасатын Дәулет Төлемісов бразилиялық Сюза Рамон Ботагелломен кездесу өткізеді.
Сонымен қатар бұл күні жанкүйерлер Моңғолия атынан өнер көрсететін қазақ баласы Жандос Асқардың айқасын тамашалай алады.
Жарыстың алғашқы күнінде аса ауыр салмақта өнер көрсететін Нурмагамед Юсупов тәжікстандық қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.