Бокстан АЧ: Сәкен Бибосынов ширек финалға өтті

2 Қараша 2022, 22:04 2243

Алғашқы айналымда отандасымыз қарсыласын қапы қалдырды

Иордания бокстан өтіп жатқан 2022 жылғы Азия чемпионатында Сәкен Бекбосынов (51 келі салмақта) Үндістан боксшысы Кумар Спаржамен рингте кездесті, деп хабарлайды El.kz.

Алғашқы айналымда отандасымыз қарсыласын қапы қалдырды.

Бұл - Қазақстанның осы жарыстағы екінші жеңісі.

Айта кетсек, алдында Серік Теміржанов Түрікменстан боксшысын сан соқтырып, Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына алғашқы жеңісті сыйлаған болатын.

Ал Санатәлі Төлтаев  1/8 финалда өзбекстандықтан жеңіліп қалды. Осылайша, ол Қазақстан құрамасы сапында турнирде жеңілген алғашқы боксшы болды.

 

EL.KZ
Бөлісу: