05.05.2023
20:50
1505
Бокстан ӘЧ: Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Бокстан ӘЧ: Нұрбек Оралбай алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы 80 келі салмақ дәрежесінде бақ сынап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс жолына бүгін шыққан отандасымыз Әзебайжан боксшысы Мухид Аллахвердиевті 5:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне жолдама алды.

Енді шаршы алаңға Айбек Оралбай (92 келі) көтеріледі. Ол А рингінде италиялық боксшы Мухиддин Азиз Аббескпен қолғап түйістіреді.