Боксшы Жанқош Тұраровқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

29 Қазан, 22:39 1283

Алматы қалалық Полиция департаменті бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраровқа қатысты дау туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, 21 тамызда 1996 жылы туған бойжеткен Алматының Әуезов аудандық полициясына Тұраровтың өзін зорлағаны туралы шағыммен келген. Көп ұзамай полиция қылмыстық іс қозғалғанын алға тартқанымен, боксшының өзі бұл сөздерді жоққа шығарды.

Осы орайда тілшілер тағылған айыпқа екі айдан асса да Жанқош Тұраровтың неліктен бостандықта жүргенін сұраған. 

Іс жүргізу аясында сот-медициналық және сот-биологиялық сараптамалар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша зорлау фактісі расталған жоқ. 20 қазанда Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағының негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы түпкілікті шешім қабылданды.

Қабылданған шешіммен Әуезов ауданының прокуратурасы келісті, - делінген полиция жауабында. 

Айта кетейік, бұған дейін Әнару Қалдыбекқызы есімді ару "Жанқош Тұраров зорлады" деп полицияға шағымданған еді. Ал Жанқош Тұраров пен оның адвокаты алғашқы күннен бастап-ақ бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Перизат Саденова
Бөлісу: