07.09.2025
03:34
2968
Боксшы Виктория Графеева әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Боксшы Виктория Графеева әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын сәтті бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҰОК мәліметінше, бұрымды боксшымыз 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр. Отандасымыз алғашқы кездесуінде Донета Садикумен (Косово) өзара мықтыны анықтаған болатын. 

Жекпе-жек тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева үшінші раундта басымдық танытып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Бұған дейін ерлер арасында 70 келіде Төрехан Сабырхан алжирлік боксшыдан басым түсіп, әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті