Боксшы Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті

Боксшы Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті

Астанада бокстан өтіп жатқан Әлем кубогінде қазақстандық былғары қолғап шебері Сабыржан Аққалықов ширек финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Отандық спортшы 75 келіге дейінгі салмақтың 1/4 финалында канадалық Джошуа Офоримен жұдырықтасты. Бірінші раундта Канада өкілі басымдық танытты. Алайда жекпе-жектің екінші және үшінші раундында Сабыржан Аққалықов керемет ойын көрсетіп, жеңіске қол жеткізді. Осылайша қазақ боксшысы жартылай финалға жолдама алды.