16.05.2023
13:50
1762
Боксшы Руслан Абдуллаевқа кәсіпкер көлік тарту етті

Боксшы Руслан Абдуллаевқа кәсіпкер көлік тарту етті

Өзбекстан құрамасының боксшысы, этникалық қазақ Руслан Абдуллаев Ташкентте өткен әлем чемпионатындағы жеңісі үшін ерекше сыйлық алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Абдуллаев 63,5 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Финалда ол моңғолиялық Чинзориг Баатарсухты ұтты.

Әлеуметтік желіде Абдуллаевқа Chevrolet Malibu көлігін табыстп жатқаны туралы видео тарады. Qalampir.uz мәліметінше, боксшыға көлікті көршісі, Ташкент облысының Кибрай ауданының кәсіпкері тарту еткен.