30.09.2023
19:25
1641
Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кем дегенде қола медаль жеңіп алды

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев кем дегенде қола медаль жеңіп алды

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жатқан отандасымыз Бахрейн намысын қорғап жүрген экс-ресейлік Данис Латыповпен кездескен. 

Қамшыбек үшінші раундта нокдаун алып қалғанына қарамастан, қарсыласын ұтты. Төрешілер есебі – 5:0. 

Осылайша Қамшыбек Қоңқабаев кемінде қола медаль алады.