Боксшы Махмұд Сабырхан үйленді

8 Қыркүйек, 14:05 471

Қазақстандық боксшы, әуесқой бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан қолына құсын қондырды. Отандық былғары қолғап шебері Назым есімді бойжеткенмен шаңырақ көтерген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сенбі, 7 қыркүйекте, Махмұт жарын ұзатып алып кетті. Ұзату тойы Шымкент қаласында өткен. 

Әлеуметтік желіде екі жасты құттықтап жатқан достары тойдан фото-видео жүктеп, бақыт тілеп жатыр. 

Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Париж олимпиадасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түсіп, алғашқы айналымда испаниялық Хосе Кильеске есе жіберген болатын.  

Ал 2023 жылы ол әлем чемпионы атанды. 9 қыркүйекте Махмұд Сабырхан 23 жасқа толады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: