Боксшы Махмұд Сабырхан тамақтан уланып қалды
27 Ақпан, 16:11
1378
Махмұд Сабырхан (54 келі) дәрігер шешімімен Болгария астанасында өтіп жатқан «Странджа» халықаралық турнирі аясындағы бүгінгі жекпе-жегіне шықпайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, боксшы тамақан уланып қалған.
«Тағамдық инфекция. 3 наурызға дейін жарыстарға қатыспайды» делінген медициналық анықтамада, - деп жазды федерация.
Бұған дейін үш қазақстандық боксшы «Странджа кубогы» турнирінің жартылай финалына шыққаны туралы жазғанбыз.
Бөлісу: