10.09.2023
06:10
1209
Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінде жеңімпаз атанды

Боксшы Мадина Нұрашева Silesian Open турнирінде жеңімпаз атанды

Қазақстандық боксшы Мадина Нұрашева Польшада өткен Silesian Open-2023 турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

70 келіге дейінгі салмақ санатындағы Мадина Нұрашева ақтық кездесуде польшалық Патрисия Гживиньскамен жұдырықтасты. Жекпе-жек қазақстандық боксшының жеңісімен мерзімінен бұрын аяқталды: бірінші раундта ол қарсыласын нокдаунға жіберді, ал екінші раундта рефери П.Гживиньсканың жағдайын ескеріп, айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша, Мадина Нұрашева Silesian Open-2023 турнирінің алтын медалін жеңіп алды.