Боксшы Данияр Елеусінов филиппиндік қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Боксшы Данияр Елеусінов филиппиндік қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді

Данияр Елеусінов WBC Peace белбеуін иеленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматыда өткен All Stars Boxing кешінің басты жекпе-жегінде отандасымыз филиппиндік Джо Нойнайды (23-5-2, 11 КО) 5-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) бокстан 2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы. 

Ол 2018 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.