02.12.2024
12:45
1002
Боксшы Алуа Балқыбекова Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Боксшы Алуа Балқыбекова Азия чемпионатына қатыспайтын болды

Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионатына қатысудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан әйелдер құрамасының мүшесі Алуа Балқыбекованың (50 келі) сырқаттануына байланысты, Азия чемпионатындағы бүгінгі жекпе жегінен бас тартуына тура келді.
“Ішек синдромы бар орта дәрежелі жіті гастроэнтеритке байланысты спортшының жарысқа қатыспауы туралы шешім қабылданды” делінген дәрігер анықтамасында.
Алуаға тезірек сауығып кетуін тілейміз!, - делінген Қазақстан бокс федерациясының ақпаратында.

Айта кетейік, Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионаты өтіп жатыр.