Бокстан Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері Алуа Балқыбекова жаңа 50 келі салмақтағы бірінші жекпе-жегін өте сәтті өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 жастағы жерлесіміз Чехияның жас боксшысы Клаудиа Тотовамен кездесіп, 3 раунд бойы айқасты өз бақылауында ұстады. Есеп: 5:0.
Айта кетейік, Алуа Балқыбекова бірінші мәрте Олимпиада жолдамасына таласып жатыр.
Енді жерлесіміз 10 наурыз күні1/8 финалда Оңтүстік Корея немесе Армения спортшыларының қай жеңгенімен жұдырықтасады.