21.08.2023
13:43
1380
Боксшы Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға оралатын күн анықталды

Боксшы Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға оралатын күн анықталды

«Suleimen Promotions» боксшысы Абылайхан Жүсіпов (3-0, 2 КО) 26 тамыз күні шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның қарсыласы – Никарагу елінің боксшысы Уйстон Кампос (33-11-6, 19 КО). Жекпе-жек 8 раундқа жоспарланған.

Айқас АҚШ-тың Талсе қаласында өтеді. Ал кештің көрсетілімі ЕSPN арнасында болады.

Жерлесіміздің айқасы аса ауыр салмақтағы американдық боксшы Джаред Андерсон (15-0, 14 КО) мен украиналық Андрей Руденко (35-6, 21 КО) арасындағы кездесудің андеркардында ұйымдастырылады.