BMW ақауға байланысты 720 мыңнан астам көлікті сервиске шақырды

22 Тамыз, 12:35 476

BMW-ның АҚШ-тағы бөлімі 2012-2018 жылдары шыққан X топтамасындағы кроссоверлер мен 2, 3, 4 және 5-сериялы жеңіл көліктерін сервиске шақырады. Бұл туралы kolesa.kz-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Компания мәліметінше, су помпасының электрлі ажыратқышынан су кетуі салдарынан ток қысқа тұйықталып, салдарынан өрт шығуы мүмкін. Себебі АҚШ-та 18 клиент осындай шағым түсірген.

NHTSA компаниясы берген мәлімет бойынша кампания 720 796 автомобильді қамтиды, тізімде мына модельдер бар:

4 қазанда көлік иелеріне марка дилерлеріне бару қажет деп жазылған хабарлама жолданады. Мамандар су помпасы мен ажыратқышты тексеріп, қажет болса, ауыстырып береді. Одан бөлек қорғаныш экранын орнатады.

Әзірше тек АҚШ-тағы машиналар тексерістен өтеді, бірақ аталған модельдер басқа елдерде де аз емес. Мәселен, біразы Қазақстанда сатылды, тағы бір бөлігін жекелеген адамдар Америкадан алып келген.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: