Блогерлер салық төлей ме? Қаржы министрі елімізде қанша блогер барын айтты

15 Қаңтар, 17:52 783

Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандық блогерлер қанша салық төлейтінін айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің мәліметінше, Қазақстанда 400-ден астам блогер бар.

400-ден астам блогер тіркелген. 2023 жылы олар 200 миллион теңгеден астам салық төлеген. Егер олардың қызметі бизнеске қатысты болса, әрине, салық төлеуі керек. Бұл үшін арнайы салық режимі бар. Жүктеме 1 пайыздан 4 пайызға дейін, – деді Жамаубаев.

Министр блогерлердің жұмысы монетизацияланбай, кәсіпкерлікпен ешқандай байланысы болмаса, олар салық төлемейтінін атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: