05.07.2022
22:32
2639
Блогер Махамбет Әбжан 2 айға қамауға алынды

Блогер Махамбет Әбжан 2 айға қамауға алынды

Бұл туралы El.kz Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

– 5 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті М. Әбжанды 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады,— деп жазды қалалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Айта кетейік, Кәсіпкерден 50 млн теңге бопсалады деген күдікпен журналист қамауға алынған болатын.