29.11.2023
14:10
2006
Блогер Айжан Байзақова екінші рет ана атанды

Блогер Айжан Байзақова екінші рет ана атанды

Қазақстандық блогер Айжан Байзақова Instagram парақшасында көпшілікке сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Блогер екінші рет ана атанды. 28 қараша күні ұлын дүниеге әкелді.

Ең алдымен тфу-тфу деп түкіріп қойыңыздар. Құттықтауларыңызды қабылдаймыз, - деп жазды блогер.

Желі қолданушылары "Бауы берік болсын", "Дені сау болсын", "Көз тимесін", - деп тілектерін білдіріп жатыр.

Блогердің бірінші некесінен бір ұлы бар. Айжан Байзақова өткен жылы екінші рет тұрмысқа шыққан еді.