Блогер 100 мың лайк үшін әкесін ұрмақ болды

7 Қараша, 14:50 465

Өзбекстандық блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жықпақ болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын айтқан видеосы үшін жауапкершілікке тартылды. 

Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды, – делінген хабарламада.

Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: