Бизнесті қолдау гранттарының 1% мақсатсыз пайдаланылған – министр

10 Қараша 2023, 11:41 1730

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2010 жылдан бастап осы уақытқа дейін шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінгенін, қаржының мақсатты жұмсалуы қатаң бақыланатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл қаржының мақсатты жұмсалуына Қаржы агенттігі мен Даму қоры тарапынан қатаң мониторинг жасалады. Жалпы осы мониторинг нәтижесінде қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны расталса, қаржы бюджетке қайтарылады. Осы 1 трлн теңгенің 1%-ке жетпейтін бөлігі мақсатсыз пайдаланылғаны анықталып, бюджетке қайтарылды. Шағын және орта бизнес 8%-ға өсті. Қазір 36,5%. Енді біздің мақсатымыз – 40%-ға жеткізу, - деді министр.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: