Мексикалық боксшы Сауль Альварес еліміздегі су тасқынына байланысты қазақстандықтарға қолдау көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан халқы үшін дұғадамын. Атырау, Орал, біз сіздермен біргеміз, - деп жазған «Канело» еліміздің туын қойған.
Бүгінде Атырау мен Орал су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің қатарында.
Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл мен Бек Нұрмағанбет секілді отандық былғары қолғап шеберлері Альвареспен бір залда жаттығады.
Ал Сауль Альварес шаршы алаңдағы кезекті кездесуін 5 мамыр күні мексикалық Хайме Мунгияға қарсы өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегаста өтеді.
«Канело» - орта салмақта абсолютті әлем чемпионы.