Бұл туралы AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер Президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөніндегі келісімге келдік», - деді ол AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.