«Біз өсекпен өмір сүріп жатырмыз». Ринат Зайытов Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді

25 Сәуір, 10:20 2647

Мәжіліс депутаты, айтыскер ақын Ринат Зайытов экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы сот отырысын неліктен көрмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы ойын ол «Білген дұрыс» бағдарламасында айтты.

Бишімбаев – таза кісі өлтірген адам. Бұның маған оқиғасы да, басқасы да қызық емес. Неге оны жаппай көрсете береді? Себебі сұраныс бар. Біреудің төсегіне қатысты ақпаратқа сұраныс бар. Атам қазақ «Итке төсек не керек, естіге өсек не керек?» деп айтқан. Біз қазір өсекпен өмір сүріп жатырмыз. Бізге Қазақстанның келесі жылға қуаңшылыққа дайындығы қалай екені қызық емес, Ерке мен Раимның жағдайы қалай болып жатқаны бүкіл Қазақстанға қызық.

Айта кетейік, Астанада өзінің әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді Қуандық Бишімбаевтың соты отырысы өтіп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: