Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанға ресми сапар аясындағы келіссөздер кезінде осылай деді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сапар аясында премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өтті.
Қазақстан мен Түркия – бауырлар ғана емес, стратегиялық серіктестер. Қазақстан өз өңірі үшін маңызды рөл атқарады, - деді Түркия СІМ басшысы кеңейтілген отырыс барысында.
Айта кету керек, бұл - Түркия СІМ басшысының Қазақстанға алғашқы сапары.
Бұған дейін осы келіссөздер аясында елімізге Түркия президенті келетіні белгілі болған.