Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз – Тоқаев

3 Қараша 2023, 12:20 818

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитіндегі кіріспе сөзі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев сөзін Түркия халқын 100 жылдық мерейтойымен құттықтаудан бастады.

Анадолының ғасырлық шежіресі биік белеске, зор жетістікке толы. Ұлы тұлғаларының арқасында бүгінде Түркия бүкіл әлемге ықпалы бар қуатты мемлекетке айналды, - деді президент.

Сонан соң Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің маңызына тоқталды.

Қазақстанның бастамасымен құрылған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі қазір толыққанды беделді халықаралық ұйымға айналды. «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенімге және бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау, - деді мемлекет басшысы.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: