Биылғы тоғыз айда ЖІӨ өсімі 4%-ды құрады – Олжас Бектенов

30 Қазан, 13:06 1730

Премьер-министр Олжас Бектенов Мәжіліс депутаттарының сұрақтарына жауап беріп, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 4%-ды құрағанын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл өсімге мұнай өндіру көлемінің төмендеуі аясында қол жеткізілді. Яғни өсім басқа да мұнайдан тыс салалар есебінен өсіп жатыр. Экономика ауыл шаруашылығы есебінен дамып келеді, ол 11,4%-ға өсті. Көлік, сауда есебінен өсім 6%-дан жоғары көрсеткіш көрсетті. Құрылыс 10%-дан астам өсті. Осылайша, бұл салалардағы өсім жалпы экономиканың, ЖІӨ-нің өсімін қолдауға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жеткіліксіз, біз мұны түсінеміз, сондықтан да түйінді мәселе бойынша қазірдің өзінде жұмыс істеп жатырмыз. Бұл – еліміздегі ірі индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін экономикаға елеулі инвестиция көлемін тарту.

Өсу мүмкіндіктерінің бірі – инфрақұрылымға өте маңызды инвестицияларды көздейтін Ұлттық инфрақұрылымды дамыту жоспарын іске асыру болмақ. Сондай-ақ президент жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, ТКШ жүйесін жаңғыртудың жаңа ұлттық жобасын әзірлеу соңғы сатыда тұр, - деді Бектенов.

Премьер-министр инфрақұрылымды жаңартуға арналған тауарлар отандық өндірушілерден алынатынын қоса кетті.

Ұлттық жобада 2029-2030 жылдарға дейін жалпы инвестиция көлемі шамамен 10 трлн теңге мөлшерінде қарастырылған. Жоба инженерлік инфрақұрылымды айтарлықтай жаңартумен қатар, өздеріңіз білетіндей, бұл салада тозу көрсеткіші өте төмен, бұл – біздің отандық бизнес үшін үлкен резерв. Ұлттық жобада біз барлық тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді отандық кәсіпкерлерден басым түрде сатып алуды көздеп отырмыз. Осылайша, өршіл мақсаттарға жету үшін көп жұмыс қажет. Президенттің тапсырмасы сөзсіз орындалады, – деп атап өтті премьер-министр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: