Биылғы сайлауда кандидаттар арасында бәсекелестік төмен болды – саясаттанушы

20 Қараша 2022, 18:59 1578

Кезектен тыс президенттік сайлауға байланысты сарапшылар пікір білдірді. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Таңғы сағат 06:00-ден бастап қазақстандықтар белсенді дауыс берді. Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі денсаулығына байланысты дауыс беруге келе алмайтын азаматтар үшін арнайы өтінім хат толытырылып, комиссия мүшелері үйлеріне барып дауысын ала алды.

«Мемлекет басшысын сайлау барлық елдегі ең маңызды акттардың бірі. Елімізде өтіп жатқан биылғы сайлауда президент 7 жылға бір реттен сайланады. Сондықтан халық өзінің 7 жылдық өміріне жауапкершілікпен қарап дауыс беріп жатыр», - деді Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының маманы Қуат Акимжанов.

Саясаттанушылар да еліміздегі сайлауға қатыстып өз піркірлерін білдірді.

«Биылғы сайлауға дауыс беруге бармадым. Біріншіден, тұрғылықты мекен-жай тіркеуім болмағандықтан, екіншіден биылғы сайлауда президенттікке кандидаттар арасында бәсекелестікті байқамадым.  Жалпы, бәсекелестік жоқ деп те айта аламын. Дегенмен, барлығын қазақстандықтардың дауысы шешеді», - деді саясаттанушы Ғазиз Абишев.  

Саясаттанушы Жанна Түлендиева елімізде бұрың-соңды өткен президенттік сайлауға бірден 2 әйел кандидат ретінде қатыспағанын айтты.

«Жыл өткен сайын қазақстандықтардың сайлауда дауыс беру белсенділігі артып келеді. Оны біз жаздағы рефенрендум кезінде де байқадық. Биылғы кандидаттар маңызды, өзекті мәселелерді өздерінің бағдарламаларында қамтыды. Қоғамның қалауымен санаса алды. Әсіресе, әйел кандидаттар ана мен бала құқығына қатысты жақсы пікірлерін білдірді. Дегенмен, соңғы шешім халықтың дауысына байланысты болады», - деді саясаттанушы.

Сонымен қатар, биылғы сайлауға партия мүшелері ғана емес, жеке тұлғаларда қатысты. Бұл биылғы сайлаудың өзгерістерінің бірі екенін атап өтті.   

Миражан Махан
Бөлісу: