Биылғы пітір садақа мөлшері белгіленді

14 Наурыз 2023, 16:18 1698

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айы 23 наурызда басталатынын мәлімдеді. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық, - деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мүфтият биыл Қазақстанда пітір мөлшерін 535 теңге деп белгіледі. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады.

EL.KZ
Бөлісу: