Сонымен қатар, ауыл ішіндегі жолдарды қалыпқа келтіру көзделген.
Жалпы «Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде 3,5 мыңнан астам ауыл іріктелген.
Ауқымды іс-шаралар «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында қолға алынып отыр.
Сонымен қатар, жас мамандарды ауылға тарту жұмыстары да жалғасады. Баспана алу мен салу үшін де бюджеттік несие қарастырылған.
«Дипломмен ауылға» жобасы іске асуда. Биыл осы жоба бойынша республикалық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді. Жылдың соңына дейін 4300 жас маманды ауылдық елдімекенге тарту жоспарланған - дейді ҚР ҰЭМ Өңірлік даму департаменті директорының орынбасары Нұрлан Мақсұтов.