Оқу-ағарту министрлігі Қазақстандағы соңғы қоңырау күнінің өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дәстүрлі түрде 34 аптаға созылатын оқу жылы аяқталуға жақын. Ведомствоның мәліметінше, еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын қорытындылайды. Оның ішінде 217 мыңнан астам 11-сынып оқушысы мектеппен қоштасады.
Биыл оқу жылының ресми аяқталу күні жексенбіге сәйкес келетіндіктен, 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты шаралар 23 немесе 24 мамырда – мектеп әкімшілігінің шешімі бойынша өтеді, – деп хабарлады министрлік өкілдері.